Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласының олимпиадалық аумағында норовирус жұқтырған адам саны 323-ке жетті. Бұл туралы Олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің басшысы Ли Хи Бом мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz ТАСС сайтына сілтеме жасап.
"Ойын кезінде 323 адам норовирус жұқтырды, оның 18-і карантинде қалады", – деді ұйымдастыру комитетінің басшысы.
Вирус Олимпиада ойындары басталмай тұрып бас көтерген. Басында бірнеше күзетшіге жұққан. Кейін спортшылардан да норовирус табылды.
Пхенчхандағы Олимпиада ойындары 25 ақпанда аяқталады.