Планетааралық "Марс-Экспресс" станциясы Байқоңырдан "Союз-ФГ" зымыран тасығышын ұшырды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Планетааралық "Марс-Экспресс" станциясы Байқоңырдан "Союз-ФГ" зымыран тасығышын ұшырды

Планетааралық "Марс-Экспресс" станциясы Байқоңырдан "Союз-ФГ" зымыран тасығышын ұшырды

Бүгін, 3-мамырда Астана уақытымен 0 сағат 45 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-ФГ" зымыран тасығышы ұшырылды.

  • 3 Маусым 2003
  • 631
Фото - Caravan.kz

KZ-today тілшісіне ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, зымыран тасығышты ұшыру қалыпты жағдайда жүзеге асырылды.

Зымыран тасығышты ұшыруға байланысты қандай да бір қауіп-қатер мен залал-зардапты жою мақсатымен 2-маусымның 22 сағат 45 минутынан 3-маусымның 1 сағат 45 минутына дейін Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының апаттан құтқару күштері мен құралдары жоғары дайындық жағдайына келтірілді.
Екі жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Планетааралық «Марс-Экспресс» станциясын жобалау және жасауға Еуропалық Ғарыш агенттігі 300 миллион евро жұмсаған.
Спутникті жасауға Ресей Ғылым Академиясы Ғарыштық зерттеулер Институтының ғалымдары да атсалысты.
«Союз-ФГ» зымыран тасығышын ұшыруға тапсырыс беруші- Ресей мен Еуропаның STARSEM бірлескен кәсіпорны.
2003-жылдың желтоқсанында спутник Марсқа жетіп, онда Ұлыбританияда жасалған «Бигель-2″ зондын қалдырып кетуге тиіс. Зонд Марстан топырақ сынамасын жинайды.
Ал планетааралық»Бигель-2» зондының орбиталық бөлігі Марстың атмосферасы мен рельефін зерттейді.
Сондай-ақ, спутник 2003 пен 2007 жылдарда Марсқа жеткізілетін ғарыштық қондырғылар мен Жер арасында радиорелейлік байланыс қызметін көрсететін болады.
ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, маусымның 7-ші және 8-жұлдызында Байқоңырдан «АМС-9» («GE-12») ғарыштық аппаратымен «Протон-К» зымыран тасығышы және ғарыштық жүк тасымалдайтын «Прогресс-М1» кораблі ұшырылады.

Соңғы жаңалықтар