Жарияланды: 50

Пластикалық ота жасатқан әйелдің көзі көрмей қалды

Пластикалық ота жасатқан әйелдің көзі көрмей қалды

Нұр-Сұлтан тұрғыны танымал хирургке пластикалық операция жасатқаннан кейін көз жанарынан айырылды.

Дәрігерлер әйелге көмектесуге тырысқанымен, қолдарынан ешнәрсе келмеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Екі баланың анасы тартымдырақ болу үшін бөксе липофилингі және арқа липосакциясын жасатқысы келген. Оған қосымша көз аймығын өз майымен толтыруы керек еді. Бірақ бірдеңе дұрыс болмады.

"Қабағым түсіп кетті, оны қозғалта алмадым. Айнаны алып, қолыммен көзімді көтердім, ешнәрсені көрмей тұрғанымды сездім. Менде үрей басталды. Сосын ауруды басатын укол салды", - деді зардап шегуші Ольга Боргард.

Ақыр соңында әйел көзінің көру деңгейі -7 болды. Қазақстан, Ресей, тіпті Германия дәрігерлері Ольгаға көмектесе алмады. Ал барлық емдей курсына 15 млн теңге жұмсаған.

Ал операция жасаған дәрігерден ақшаны өтеп ала алмады.

"Ол өз кінәсін мойындамады десек те болады. "Иә, бір мәселе бар, оны шешу керек" деді. Бастапқыда ол Германиядағы отаның ақшасын төлейтінін айтты. Сол күні маған хабарласып, 10 млн теңге төлеуге дайын екенін мәлімдеді. Қайдағы 10 млн, менің одан да көп ақшам кетті! Ол мені алаяққа теңей бастады, ақшаны алдап алып жатқанымды айтты", - деді Ольга Боргард.

Жағдайға медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті араласты. Комиссия емханаға тексеріс жүргізіп барған. Бірақ мамандар операция мен пайда болған асқынулар арасында байланыс көрмеді.

"Сот-медициналық сараптама тағайындау ұшін құжаттарды полицияға жібердік. Комиссия құрамында фармацевтиканы жақсы білетін адам болды. Ол дәрілерді тексерді. Бұл факт расталмады. Біз лицензия бойынша бұзушылық бар екенін анықтады", - деді Нұр-Сұлтан қаласы медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті басшысының орынбасары Дархан Тұрлыбеков.

Ал емханада тек сот-медициналық сараптамадан кейін пікір білдіретінін мәлімдеді.

Қазақстан ұлттық тұтынушылар лиғасы басқармасының басшысы, ота жасатпас бұрын емхана тірліы, дәрігердің жеке басына қатысты ақпарат алған дұрыс екенін айтады.

"Адамдардыі көпшілігі жозбаша келісім-шартқа қол қоймайды. Кейбір дәрігерлер операция жасатып болған соң ғана қол қойғызады, одан әрі жауапкерлік алмауы үшін". - деді Қазақстан ұлттық тұтынушылар лиғасы басқармасының басшысы Светлана Романовская.

Құқық қорғау органдары "Медицна қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамауы" бабы бойынша іс қозғады. Қазір тергеу жүріп жатыр.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін