Жарияланды: 1700

Podcast: Гив. Алдау мен арбау

Podcast: Гив. Алдау мен арбау

Caravan.kz медиа порталындағы Podcast-тың жаңа шығарылымында Гив тақырыбы қозғалды.

Бұл жолғы спикер - көптеген гив байқаулардың ұйымдастырушысы Ұлжалғас Бақытжанқызы.

Қазіргі таңда Instagram желісінде гив байқаулар белгілі болғанымен де спикердің сөзінше болашақта олар өз мәресіне жетеді. Өйткені, әр нәрсенің басы, соңы бар.

Спикердің пайымдауынша, гив өз мәресіне жеткенімен, оның орнына басқа нәрсе міндетті түрде болады.

Қазіргі таңда көптеген әншілер, блогерлер, танымал актерлер гив, ұтыс ойындарын көп ұйымдастыратын болған, сол себепті әлеуметтік желідегі оқырмандар дайын асқа, тік қасық деген оймен, жеңіл жолмен телефон, теледидар немесе ақшалай ұтысқа ие болуды қалайды.Олар үшін бұл үйреншікті нәрсеге айналған.

Сол себепті аталған гив ұтыстар өз мәресіне жетіп, мұндай жеңіл пайда жақсылық әкелмейтінін желі оқырмандары түсінеді деген ойдамыз әрі үміттеміз.

Толығырақ:

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін