Пойыз апатынан зардап шеккен балалар комада жатыр – дәрігерлер - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пойыз апатынан зардап шеккен балалар комада жатыр – дәрігерлер

Пойыз апатынан зардап шеккен балалар комада жатыр – дәрігерлер

Дәрігерлер үш науқастың өмірі үшін күресуде: екі бала жабық бас сүйек-ми жарақатын алды, 33 жастағы әйелдің миы шайқалған

  • 16 Қыркүйек 2019
  • 23
Фото - Caravan.kz

Шамалғандағы пойыз апатынан жарақат алған балалар комада жатыр. Бұл туралы Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Қарасай аудандық ауруханасында 33 жастағы әйел, үш және бес жастағы балалар жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

"Қазір олар жансақтау бөлімінде. Әзірге зардап шеккендердің жағдайы өзгерген жоқ", — деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Балалардың жағдайы туралы не белгілі

2016 жылы туған бала жабық бас сүйек-ми жарақатын алды, оның миына ауыр дәрежеде зақым келген және сол жақ өкпесі жарақаттанған.

"Кома 2-3. Жан сақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды", — дейді дәрігерлер.

2014 жылы туған балаға да жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миына ауыр дәрежеде зақым келген деген диагноз қойылды, маңдай-самай сүйегі сынған. Ол да комада жатыр.

Зардап шеккен әйел қандай жағдайда

Дәрігерлер 1986 жылы туған әйелдің өмірі үшін күресіп жатыр. Оның миы шайқалған, сондай-ақ оң жақ иық сүйегінің төменгі бөлігі сынған. Бұғанасы мен жауырынын жарақаттаған.

"Бірінші дәрежелі травматикалық шок алған, жан сақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды", — делінген хабарламада.


Шамалғандағы трагедия

15 қыркүйекте сағат 19.08-де Алматы-Шамалған аралығындағы реттелетін теміржол өткелінде болған. № 43 Алматы-Қостанай пойызы "Сетра" жолаушылар автобусымен соқтығысты.

Апат салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, автобустың үш жолаушысы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің 344-бабы 2-бөлігі "Теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігімен жүру немесе пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұл бап бойынша кінәлі жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

 

Соңғы жаңалықтар