Жарияланды: 250

Полицей әйелдер жол қозғалысын реттеуге шықты

Полицей әйелдер жол қозғалысын реттеуге шықты

Петропавл жол полициясында "мерекелік" әйелдер взводы құрылды


Петропавл жергілікті полиция қызметінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әйелдер взводы құрылды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.Баспасөз қызметі атап өткендей, әйелдер жол қозғалысын реттеуге мерекелік күндері немесе жолдардағы полиция қызметін күшейту кезінде араласады. "Біздің ведомствода әйелдер ерлермен қатар қызмет атқарады. Оларды алғаш рет жолдағы тәртіпті қадағалауға жұмылдырып отырмыз", — деп атап өтті СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Қанат Айтбаев. Полицей әйелдер бір ай бойы тағылымдамадан өтіп, арнайы білім алған. Бастапқы күндері олар жол қиылысында әріптес ер-азаматтармен қатар жұмыс істеді. Қазір өз беттерімен емін-еркін қызмет етеді. Айтпақшы, жүргізушілер де бұл тосын жайтқа бей-жай қараған жоқ. Жолай өтіп бара жатып, сигнал беріп, полицей қыздарға ықыластарын білдіріп жатқандар да бар.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін