Полицейлер Астанада табылған кішкентай қыздың туыстарын бүкіл ел аумағынан іздеп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полицейлер Астанада табылған кішкентай қыздың туыстарын бүкіл ел аумағынан іздеп жатыр

Полицейлер Астанада табылған кішкентай қыздың туыстарын бүкіл ел аумағынан іздеп жатыр

Астаналық полицейлер кішкентай Милананың туыстарын бүкіл ел аумағынан іздестіріп жатыр. 10 тамыз күні түнгі сағат 01:00 шамасында Қабанбай көшесіндегі айналма жолдан табылған сәбиді әлі ешкім іздеп келмеген.

  • 14 Тамыз 2017
  • 245
Фото - Caravan.kz

"Полицейлер тарапынан қазір қыздың туыстарын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүкіл жеке құрамға тапсырма берілді. Қыздың суреті бүкіл ел аумағына таратылды. БАҚ өкілдері арқылы да іздестіріп жатырмыз. Сондай-ақ, сәбидің ата-анасын әлеуметтік желілер арқылы іздестірудеміз. Туыстарын таппағанша іздеу жұмыстарын жалғастыра беретін боламыз", — дейді Астана қалалық ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Кылышбекова.

Астанадағы жасөспірімдерді оңалту орталығындағылар сәбиге 3 айға дейін қарайтындарын айтып отыр. Оған дейін қыздың туыстары табылмаса оны балалар үйіне өткізеді.

"Қазір сәби өзін жақсы сезініп жүр, жақсы тамақтанып, тыныш ұйықтайды. Жылап жүрген жоқ, ата-анасын іздемейді", — дейді аталған орталықтың өкілдері.


Қыз шамамен 3-4 жаста, өзін Миланамын деп таныстырған. Бойы 115-120 см. Шашы ашық түсті қысқа. Үстінде қызыл түсті плащевка, ақ жилетка, ақ түсті футболка, қызғылт шалбар, қызғылт аяқ киім болған.

Соңғы жаңалықтар