Полицейлер ОҚО-да 30-дан аса адамды ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полицейлер ОҚО-да 30-дан аса адамды ұстады

Полицейлер ОҚО-да 30-дан аса адамды ұстады

 

  • 2 Тамыз 2016
  • 377
Фото - Caravan.kz

Полицейлер ОҚО-да 30-дан аса адамды ұстады, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екінші тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Мұратбаев ауылында белгісіз біреулер құрылыс дүкенінің есігін өртеп жіберген болатын. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері өртті жасады делінген Асықата ауылының 30 жастағы тұрғынын ұстады.

"Сонымен қатар белгісіздер Диқан ауылында да жергілікті тұрғындардың екі үйін өртеген. Содан үйлердің бірінің алдында тұрған "Газель" өртеніп кеткен. Ішкі істер органдары осы іске қатысы барларды іздестіріп жатыр. Ішкі істер министрлігінде жедел штаб құрылды. Оқиға орнына Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары мен облыс әкімі келді", — делінген хабарламада.

Тексерістердің барысында Мақтаарал ауданының 34 жастағы тұрғыны ұсталып, аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Одан 7 таяқ және бензині бар 5 литрлік құты тәркіленді.


Еске салайық, осыған дейін ОҚО-ның Мақтаарал ауданындағы қақтығыс жайлы айтылған болатын. Бұзақылық әрекеттерге Сейфуллин ауылы тұрғынының кәмелет жасқа толмаған қызына (7 жасар қыз)16 жастағы жасөспірімнің сексуалды сипаттағы әрекеттер жасады деген күдігі себеп болған. Бұл жайт Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру реестріне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 121-бабы, 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.
 

Соңғы жаңалықтар