Жарияланды: 420

Полиция 30 минуттың ішінде тонау оқиғасының бетін ашты

Полиция 30 минуттың ішінде тонау оқиғасының бетін ашты

Павлодар қаласының 26 жастағы тұрғыны полиция қызметкерлеріне белгісіз біреулер пышақ ала ұмтылып, 150 мың теңге көлеміндегі қаражатын алып кетті деп арызданған. 

Полицейлер тергеу кезінде ЖШС-лардың бірінде жүргізуші-экспедитор болып жұмыс істеген арызданушы  ақшаны өз қалтасына баспақ болғанын анықтады. Жауапкершіліктен құтылу үшін ол тонады деп жалған хабар берген.

Күдіктіден әлі жаратып үлгермеген ақша алынды. Тәртіп сақшылары 30 минут ішінде қылмыстық істің бетін ашты, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

ҚР ҚК 419 бабына сәйкес сот алдындағы тергеу басталды.  Күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін