Полиция мен әскер әуежайды әдейі псевдотерроршылардың талауына беріп кетті. Мұны әуежай басшылары да білген - куәгер - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция мен әскер әуежайды әдейі псевдотерроршылардың талауына беріп кетті.  Мұны әуежай басшылары да білген - куәгер

Полиция мен әскер әуежайды әдейі псевдотерроршылардың талауына беріп кетті. Мұны әуежай басшылары да білген - куәгер

Куәгердің айтуы бойынша Алматы әуежай терроршылардың қолына әдейі берілген. 

  • 31 Қаңтар 2022
  • 411
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ибраш Нүсіпбаевтың фейзбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Болған жайт куәгер Айжан Бектібаеваның айтқаны бойынша жазылған. 

"Алматы әуежайы қалай "терроршыларға" берілді
Әуежай ішіндегі кофеханалар желісінің иесі Айжан Бектібаева "аэропортты терроршылар алатын" күні сол жерде болған. Оның сөзіне қарағанда, 5 қаңтарда аэропортты күні бойы әскерилер қоршап тұрған. Алайда, сағат 16.00-де олар жым-жылас жоғалады да, әуежайға кіретін жердегі шлагбаумдар ашық қалады. Сағат 18.00-де әуежай әкімшілігі күндізгі сменде істейтін адамдарды үйлеріне қайтарады, ал түнде істейтіндерге жұмысқа шықпауды бұйырады. Шетелдік кәсіпкерлерге әуежайдан кету керектігі ескертіледі.
Сағат 19.00-де мародерлар басып кіріп, әуежайдың астаң-кестеңін шығарды. Айжан Бектібаева машинасына мініп кетіп үлгерген.
Келесі күні қайтып келген ол аза бойды қаза қылатын көрініске тап болады. Оның дүкені мен кофеханалары тоналған. "Ең сұмдығы, әуежайды қорғауы тиіс солдаттар қайта пайда болыпты: мародерлардан қалғанды енді солар теріп жүр. Тамақты жеп, ішімдікті ішіп, әтірді үстілеріне сеуіп жүр" дейді Бектібаева. Тонаудан аман қалған заттарын сақтауды ойлаған Айжан сол күні әуежайда түнеп, полицияның келуін күтуге мәжбүр болады.
Полиция мен әскер әуежайды әдейі псевдотерроршылардың талауына беріп кетті дейді ол. Мұны әуежай басшылары да білген.
Шынымен осылай болған болса, онда "әуежайды басып алу" ісі объективті түрде тексеріледі деп сенудің еш қисыны жоқ. Өйткені мұндай жағдайда, бір топ жоғары шенді полиция мен әскери басшыларды түрмеге жабуға тура келеді". 

Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлері Әскери институтының аға оқытушысы, подполковник 
Ермек ТҮСІПЖАНОВ 
Алматыдағы әуежайдың басып алынғаны жайлы айтты:

— Әскерлердің арасында дұрыс қарым-қатынас болмады. Барлық құқық қорғау органдары әйтеуір өз бетімен әрекет еткендей сезім болды. Әйтсе де, ең бастысы, әскерлердің бастапқы іс-қимыл жоспарын біреу әдейі бұзған сияқты. Алматы әуежайына шабуылға 15 минуттай қалғанда оны күзетіп тұрған әскерлер орындарын тастап кеткені белгілі. Ал көшелерде тәртіп сақшыларының кенеттен өз орындарын тастап кете бастағаны анық болды. Яғни, шегіну. Егер, жаттығуларда жасалған бастапқы іс-әрекет жоспары бұзылса, одан кейінгі әрекеттер түсініксіз болып қалады. Жауынгерлік құрамалар, яғни ұйымдасқан жүйе басқарылмайтын қарулы тобырға айналады", деді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының басында елімізге жасалған террористік шабуыл кезінде көптеген адам мерт болды. Лаңкестік шабуыл барысында, ғимараттар мен дүкендер тоналып, өртке оранды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай бүлік кезінде елімізге 20 мыңға жуық лаңкес шабуыл жасады деп мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар