Жарияланды: 440

Полиция подполковнигі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Полиция подполковнигі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Рудный қ. ІІБ криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Батырхан Молдақан мен

басқарма қызметкері Ілияс Молдашев бостандығынан айырылды. Үкім Қостанай облыстық ІІД акт залында жарияланды.

Экс-полицейлер есірткіні тарату және қылмыстық істерді бұрмалау фактілері бойынша жауапкершілікке тартылды. Молдашев бұл істе Молдақанның көмекшісі болған.

Өткен жылы олар Рудныйдың есірткіге тәуелді тұрғынымен қаруды заңсыз сақтау ісі бойынша фигурант болуға келіскен. Полицейлер оған мылтық пен героиннің бірнеше дозасын берген.

Алайда сотта бұл азамат болған жайтты айтып тастады. Кейін криминилдық полиция басқармасында тергеу жұмыстары жүргізілді.

Осылайша Молдақан 10 жылға сотталды. Оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында лауазымды қызметті атқарудан 5 жылға шеттетілді. Молдашев 3 жыл және 3 айға сотталды.  Ол  4 жылға мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін