Полиция қызметкеріне шабуыл жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыстық топтың мүшесі қолға түсірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция қызметкеріне шабуыл жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыстық топтың мүшесі қолға түсірілді

Полиция қызметкеріне шабуыл жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыстық топтың мүшесі қолға түсірілді

Астана. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Полиция қызметкеріне шабуыл жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыстық топтың мүшесі қолға түсірілді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлады агенттік тілшісі.

  • 14 Сәуiр 2008
  • 408
Фото - Caravan.kz

«Алматыда 8 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысының криминалды полиция комитетінің жүргізген шұғыл іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкеріне шабуыл жасаған бір күдікті ұсталды «, -деп хабарлады Б. Қожахметов.

Оның сөздері бойынша, «Теміртауда 2005 жылы «Митталстил»АҚ территориясындағы цехында 1 млн теңгеге ұрланған металл тиелген жүк көлігін тоқтату кезінде «Соляник» ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары полиция қызметкерлеріне белсенді түрде қарулы қарсылық көрсетті.

«Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, оны жасаған күдіктіге мемлекетаралық іздеу салынды «, -деп атап өтті ол.

«Олар енді ғана қолға түсірілді. Бүгінгі кезде тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», -деп қорытындылады Б. Қожахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті