Полиция қызметкерлері Теміртау қаласының тұрғынынан жарты келіден аса есірткіні тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция қызметкерлері Теміртау қаласының тұрғынынан жарты келіден аса есірткіні тәркіледі

Полиция қызметкерлері Теміртау қаласының тұрғынынан жарты келіден аса есірткіні тәркіледі

Теміртау. 27 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Полиция қызметкерлері Теміртау қаласының тұрғынынан жарты келіден аса есірткіні тәркіледі. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қарағанды облысының ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы Абай Жүнісов хабарлады.

  • 27 Ақпан 2008
  • 438
Фото - Caravan.kz

Астана- есірткісіз қала бағдарламасы аясында Теміртау қаласында «Есірткіге қалқан» атты арнайы операциясы өткізілді.

«Арнайы операциясы барысында Теміртау қаласы тұрғынының пәтерінен полиэтилен пакетке салынған есірткі табылды. Сарапшылардың қорытындысы бойынша, онда 509,32 грамм героин болған»,-деп хабарлайды А. Жүнісов.

33 жастағы ешқайда жұмыс істемейтін әйелге ҚР Қылмыстық кодекстің 259 бабының 4 тармағы бойынша айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Теміртауда гашишты (саламығы 2 келі 104 грамм) сатпақшы болған 30 жастағы ер адам құрықталды.

«Ол уақытша тергеу қапасына тоғытылып, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 259 баптың 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді А. Жүнісов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті