Полициядан қашқан күдікті көлігімен адам қағып дәріхананы қиратты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полициядан қашқан күдікті көлігімен адам қағып дәріхананы қиратты

Полициядан қашқан күдікті көлігімен адам қағып дәріхананы қиратты

Қарағандыда көлігімен полициядан қашқан күдікті арнайы жасақ қызметкерін қағып мертіктірді. Онымен тоқтамай, қаладағы дәріхананың біріне кіріп кеткен.

  • 14 Қараша 2015
  • 349
Фото - Caravan.kz

Бар жылдамдығымен келген «Мазда» биік баспалдақтан секіріп барып, дәріхананың кіре берісіне бір-ақ тіреліпті. Негізі тізгіндегі азаматтың үстінен тұрғындардың бірі ауыр қылмысқа қатысы бар деп арыз түсірген екен. Құрықтау операциясы кезінде күдікті «Арлан» арнайы жасағының сарбазын көлігімен қағып, із суытпақ болған. Тәртіп сақшылары ақыры қашқынның машинасының доңғалақтарын оқ атып, әзер тоқтаты. Жараланған сарбаз қазір ауруханада. Көлікті тізгіндеген 41 жастағы ер адам мен қасындағы 17 жастағы қыз да жарақат алған.