Қайтыс болған адамның туыстарының пайымдауынша, ол учаскелік инспектор тарапынан жасалған жан-жақты қысым салдарынан өз өмірін өзі қиды. Марқұмның әйелі мен мал ұрлығына қатысты деп танылған тағы бір күдіктінің айтуына қарағанда, тергеу кезінде қылмысын мойындату үшін әлгі адамдарды ұрып-соғу әрекеттеріне жол берілген.
Облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінің төрайымы Елена Кошаринаның агенттік тілшісіне берген түсініктемесіне сәйкес, Қарабалық аудандық Есенкөл ауылының 24 жастағы тұрғынының өзін-өзі өлтіруіне байланысты қызмет бабындағы тексеруді жергілікті аудандық ІІБ-ның қызметкерлері оқиғаның ізін суытпай дереу жүргізген. Тексеру нәтижесінде қылмыстық құрамның жоқтығына байланысты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданыпты. Оқиғаға өзін-өзі өлтіру деген баға берілген. Учаскелік инспектордың үстінен не ауызша, немесе жазбаша арыз келіп түспеген.
Соған қарамастан, облыстық басқарма басшылығы тағы бір қызмет бабындағы тексеру жүргізу жөнінде шешім қабылдады. Тексеруді ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жүргізбекші. «Тексеру қорытындысы туралы барлық БАҚ-тарға хабарлама таратылады»,- деп сендірді баспасөз қызметіндегілер.