-Тоқта, тоқтаңыз.
– Қай жерде ақша?
– Кармашкада ма?
–Көрініп тұр ма?
– Ие.
Садығали Керімбеков қымбат көлігіне бір бума жүз долларлықтарды алаңсыз тастап, өзі дүкен аралап кетіпті. Әділет полковнигін қаржы полициясы осы кезде қолға түсірген. Ол атқару инспекциясындағы қызметкерді жұмыста қалдыру үшін 2 мың долар талап еткен екен. Келісілген соманы қоластындағы азамат емес, әйелі әкеп беріпті. Осыған дейін түрмелердің үстінен қараған Керімбековтің өзі енді сол темір торда жазасын өтеуі бек мүмкін.