Польша АҚШ ядро қаруын өз аумағында орналастыруға дайын екенін мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Польша АҚШ ядро қаруын өз аумағында орналастыруға дайын екенін мәлімдеді

Польша АҚШ ядро қаруын өз аумағында орналастыруға дайын екенін мәлімдеді

Польша премьер-министрінің орынбасары, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің төрағасы Ярослав Качиньский Welt am Sonntag басылымына берген сұхбатында елінің аумағында АҚШ-тың ядролық қаруын орналастыруға дайын екенін мәлімдеді.

  • 4 Сәуiр 2022
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Егер америкалықтар бізден Польшада атом қаруын орналастыруды сұраса, біз бұған дайынбыз. Бұл Мәскеуді оқшаулауды айтарлықтай арттырады", — деді Качиньский.

Качиньский сондай-ақ АҚШ-тан Еуропадағы америкалық әскер санын көбейтуді сұрады және әскерлердің басым бөлігі НАТО-ның шығыс қапталына орналастырылуы керек екенін айтты.

"Польша Ресейдің үнемі өсіп келе жатқан агрессивтілігі аясында АҚШ-тың қазіргі 100 000 сарбазын 150 000-ға дейін көбейтуді құптайды. Бұл ретте шығыс қапталға, яғни Ресеймен шекараға 75 000 сарбаз орналастырылса, бір ғана Балтық және Польшада 50 мың жауынгер болуы керек", — деді саясаткер.

Оның айтуынша, Польшада НАТО-ның үлкен жедел басқару орталығын құру қажет, одан альянстың бірлескен операцияларын жоспарлап, өткізуге болады.


"Бұл Мәскеуге НАТО-ның жоғары деңгейі Шығыста да бар екендігінің айқын белгісі болар еді", — деді Польша премьер-министрінің орынбасары.