Жарияланды: 220

Польша президенті Анджей Дуда Астанаға келеді

Польша президенті Анджей Дуда Астанаға келеді

Сәрсенбі, 6 қыркүйекте Астанаға Польша президенті Анджей Дуда келеді. Ол Қазақстан Президентімен кездеседі. Екі көшбасшының келіссөздері күннің бірінші жартысында Ақордада өтеді.

Бұл туралы РИА Новости Қазақстан Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ, Польша президентімен кездесу аясында қазақстандық-поляк бизнес-форумының өтетіні айтылады. Онда Назарбаев пен Анджей Дуда қатысады деп жоспарланып отыр.

Форумға ауыл шаруашылығы, энергетика, құрылыс, құрылыс материалдарын шығару, химия, тау-кен металлургиялық, фармацевтикалық және басқа да салаларда жұмыс істеп жүрген шамамен 200 поляк кәсіпкері қатысады. 

"Бүгінде Қазақстан мен Польша 24 халықаралық шарт жасасты. Тағы 15 жоба енді қаралады. Сондай-ақ, алдағы бизнес-форум аясында аймақаралық ынтымақтастық саласында қол қойылуы тиіс құжаттар бар", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін