Польшаға қысқы ауа райы қайта оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.14
  • 477.05
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Польшаға қысқы ауа райы қайта оралды

Польшаға қысқы ауа райы қайта оралды

Польшаның метеорологиялық қызметі Арктика ауасының Орталық Еуропаға енуінен орнаған аяз туралы ескертті. Елдің басым бөлігінде күн суытты

  • 22 Сәуiр
  • 38
Фото: euronews.com

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бір-екі апта бұрын Польшаға жаз келгендей болды. Термометр бағанасы +26 градусқа дейін көтеріліп, одан да жоғары болды. 

Алайда демалыс күндері елдің көп бөлігіне қысқы күн райы қайта оралды. Кейбір аймақтарда түнде ауа температурасы нөлден төмен түсті. Жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауды. 

Метеорологиялық қызмет Арктика ауасының Орталық Еуропаға енуінен болған аяз туралы ескертті. 

Десе де, Польша тұрғындары ауа райының құбылуына таң қалмай, сәуір айында әдетте күн райы тұрақсыз болатыны қалыпты жағдай екенін айтып жатыр.

Соңғы жаңалықтар