Порошенко шұғыл жиын өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Порошенко шұғыл жиын  өткізді

Порошенко шұғыл жиын өткізді

Донбасс ерекше қорғалған санаттағы аймаққа жатпайды! Бүгін Украина президенті Петр Порошенко шұғыл жиын өткізіп, осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді.

  • 5 Қараша 2014
  • 196
Фото - Caravan.kz


Жиынға Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің басшылары мен мүшелері түгел шақыртылыпты. Бұған сәйкес, енді Луганск және Донецк облыстары «дербес мәртебеге» ие емес. Яғни, автономияға берілетін артықшылықтар мүлдем қарастырылмайды. Порошенко, мұндай шешімге келуін ең бірінші елде саяси тұрақтылықты орнатуды мақсат тұтқанымен түсіндіріп отыр. Оның үстіне ресми Киев 2-ші қарашада елдің шығысында өткен президент сайлауын жоққа шығармақ. Өткен жексенбіде өз-өздерін республика деп жариялаған Донецк мен Луганск халқы басшыларын таңдаған еді. Бірақ бұл сайлаудың қорытындысын Ресейден өзге ешқандай мемлекет мойындаған жоқ.