Прагада "Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш" кітабы таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прагада "Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш" кітабы таныстырылды

Прагада "Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш" кітабы таныстырылды

Прага, 2022 жылғы 24 наурыз - Прагада қазақ ғалымы, ағартушысы, қоғам және саяси қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына, сондай-ақ "Алаш" қозғалысының мәдени мұрасына арналған дөңгелек үстел өтті.

  • 24 Наурыз 2022
  • 47
Фото - Caravan.kz

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің бастамасымен "Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш" кітабының тұсаукесері өтті. Кітап алғаш рет чех және ағылшын тілдеріне аударылып, оған қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткерлері мен қазіргі заманғы "Алаштанушы" ғалымдардың еңбектері енді. Қазақ тілінен ағылшын тіліне аударуды Қазақстан Республикасының Ұлттық аударма бюросы жүзеге асырды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қазақстандық тараптан онлайн форматта: Дархан Қыдырәлі, қазақстандық ғалым, публицист, қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық Түркі академиясының президенті, "Егемен Қазақстан " Республикалық газеті " АҚ Басқарма Төрағасы; Зиябек Қабылдинов Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор; Анар Фазылжанова А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты; Бүркітбай Аяған, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Мемлекет тарихы институты" ММ директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор; Сатай Сыздықов тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры; Зәуреш Сақтағанова Е. А. Букетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің этномәдени және тарихи-антропологиялық зерттеулер орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі; Алтай Оразбаева тарих ғылымдарының докторы, М. В. Ломоносов атындағы ММУ профессоры.

Қазақстандық дипломаттар өз сөздерінде Ахмет Байтұрсыновтың және жалпы біздің тарихымыздың жарқын беттерінің бірін құрайтын "Алаш" қозғалысының рөлін атап өтті.

Белгілі ғалым, профессор Йиржи Шима өз сөзінде: " Мен өз халқым мен елімнің тарихын зерттеп қана, өткен ғасырдың соңында жаңадан пайда болған тәуелсіздіктің ерекше құндылығын түсіне бастайтындығыма сенімдімін ", — деп атап өтті.

Сондай-ақ, кездесуде Карлов университетінің, Чехия Ұлттық кітапханасының өкілдері, журналистер мен "Қазақстан достары клубының" өкілдері сөз сөйледі. Қатысушылар ұлттық тарихты жан-жақты және терең зерттеудің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында қазақ мемлекеттілігін қалыптастыру мәселелері талқыланып, Қазақстанның тәуелсіздік дәуіріндегі жетістіктері туралы сындарлы пікір алмасылды. Ахмет Байтұрсынұлының өз халқының мәдени санасындағы ерекше рөлі атап өтілді.

Дөңгелек үстел соңында Қазақстан Республикасының Елшілігі Карлов университетіне "Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш" кітаптарын чех және ағылшын тілдерінде сыйға тартты.

 

Соңғы жаңалықтар