Жарияланды: 470

Прагада Қазақ-чех үкіметаралық комиссиясының 5 отырысы өтеді

Прагада Қазақ-чех үкіметаралық комиссиясының 5 отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін елордада ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов мәлім етті.

«1 шілдеде Прагада Қазақстанның Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев пен Чех Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Милан Говорконың тең төрағалығымен сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Қазақ-чех үкіметаралық комиссиясының 5 отырысы өтеді», - деді ресми өкіл. Оның атап өтуінше, мәжілістің күн тәртібінде экономика, энергетика, өнеркәсіп, инновациялық даму, көлік, ауыл шаруашылығы, қаржы, туризм, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және техникалық реттеудегі екіжақты ынтымақтастық мәселелері қамтылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін