Прагада Қазақстан-Чех үкіметаралық комиссиясының 11-ші отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прагада Қазақстан-Чех үкіметаралық комиссиясының  11-ші отырысы өтті

Прагада Қазақстан-Чех үкіметаралық комиссиясының 11-ші отырысы өтті

Прагада 2021 жылғы 11-12 қараша-экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-чех үкіметаралық комиссиясының 11-отырысы өтті.

  • 12 Қараша 2021
  • 29
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Комиссия отырысы Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаев пен Чех Республикасы өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Мартина Тауберованың төрағалығымен өтті. Комиссиясының тең төрағалары отырысқа қатысушыларды екіжақты сауданың жай-күйімен таныстырды, тауар айналымының ұлғаюы байқалып отырғаны атап өтілді, ү.ж. Қазақстаннан Чехияға экспорт – 15,8 – ға өсті.

Үкіметаралық комиссия аясында жұмыс топтарының отырыстары бірнеше бағыттар бойынша өтті: өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, нано-технологиялар, денсаулық сақтау, білім беру және т.б. Тараптар атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық, жаңартылатын көздерден энергия өндіру, машина жасау саласындағы жаңа технологияларды жеткізу, ҚР аумағында бірлескен өндіріс, сондай-ақ түрлі салаларда тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ бағдарлама аясында «ҚР және ЧР арасындағы инвестициялық ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, оған екі елдің мемлекеттік органдарының, бизнес-топтарының өкілдері қатысты. Чех тарапы еліміздің инвестициялық ахуалымен, шетелдік инвесторларды қолдау шараларымен және қазақстандық компаниялармен ынтымақтастық перспективаларымен танысты.


Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшісі М. Тәжин: «Еуропа Қазақстан үшін көп жылдар бойы негізгі сауда және инвестицияның белсенді мүшесі болып табылады. Қауымдастық ретінде біз іскерлік байланыстарды одан әрі жандандырып, бірлескен жұмысымызда өсудің, жаңа мүмкіндіктерін анықтай алатынымызға сенімдіміз».

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері индустриялық-инновациялық жұмыс тәсілдерімен таныстырып, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметімен таныстырды, сондай-ақ тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты және ҚР-да ЖЭК дамыту мәселелерін талқылады.

Қазақстан-чех үкіметаралық комиссиясының 11-ші отырысының соңында бірнеше құжатқа қол қою болды.

Соңғы жаңалықтар