Премьер-Министр Алматы облысы Іле ауданындағы кәсіпорындарды аралады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-Министр Алматы облысы Іле ауданындағы кәсіпорындарды аралады

Премьер-Министр Алматы облысы Іле ауданындағы кәсіпорындарды аралады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Алматы облысына жұмыс сапары барысында Іле ауданының кәсіпорындарына барды, деп хабарлайды primeminister.kz сайтынан.

  • 25 Қазан 2013
  • 349
Фото - Caravan.kz


Алдымен жергілікті құс фабрикасында болды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпорында жылына 16 мың тонна құс етін өндіретін бройлер фабрикасының құрылысы жүргізілуде. Құны 4,5 млрд. теңгелік жаңа кәсіпорынды іске қосу 2014 жылдың бірінші жартысына жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру 300-ден артық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, С.Ахметов «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС-ға барды. Кәсіпорында ғылыми-өндірістік зерттеулер жүргізіліп, ауа баптағыш техникалар жасалады. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында зауыт өндіріс көлемін, экспорт аумағын кеңейтіп және жұмыс орыны санын арттырды. Бүгінде шығарылған өнім түрлері 100-ден астам атауға ие. Зауыттың жобалық қуаты — жылына 120 мың бірліктен жоғары.