Премьер-Министр Сыр бойындағы атқарылып жатқан істерге оң баға берді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-Министр Сыр бойындағы атқарылып жатқан істерге оң баға берді

Премьер-Министр Сыр бойындағы атқарылып жатқан істерге оң баға берді

ҚР Премьер-Министрі С. Ахметов Сыр өңіріне іс-сапары барысында Сырдария ауданындағы «Мағжан және К» ЖШС-інде болды. Серіктестіктің күріш ақтау зауытының жұмысын көрд

  • 27 Наурыз 2014
  • 358
Фото - Caravan.kz

Сол жерде облыс әкімі Қ. Көшербаев пен сала басшылары аймақтағы көктемгі дала жұмыстарына дайындық жайын баяндап берді.

Мұнан кейін Үкімет басшысы Қызылорда қаласындағы перинаталдық орталықтың құрылысы мен өткен жылдың соңында пайдалануға берілген мұз айдыны кешенін тамашалады.

Келесі кезекте С. Ахметов ескі автомобиль доңғалақтарынан түрлі қажетті заттар жасайтын зауыттағы жұмыс барысымен танысты.

Премьер-Министр сапар соңын облыстық әкімдікте мәжіліспен қорытындылады. Онда Үкімет басшысы Сыр өңірінде атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді. Жиында барысында облыс әкімі Қ. Көшербаев баяндама жасап атқарылған істер мен алдағы міндеттерді саралап, кейбір түйткілді түйіндерді үкімет назарына ұсынды.


Мәжіліс соңында Қызылорда облысы әкімдігі мен «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ мен «КТZ Ехpress» АҚ компанияларымен  меморандумға қол қойылды.