Премьер-министрдің кеңсесі оның сағаты қанша тұратынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-министрдің кеңсесі оның сағаты қанша тұратынын айтты

Премьер-министрдің кеңсесі оның сағаты қанша тұратынын айтты

Үкімет басшысының кеңсесі Әлихан Смайылов тағып жүрген қол сағаттың бағасын жариялады.

  • 21 Ақпан 2022
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін журналист Михаил Козачков премьер-министрдің фотосын жариялап, қолындағы сағаттың маркасы "Cartier Tank" деп жазған. Оның сөзіне қарағанда, ондай сағаттың бағасы 5 мың доллардан 8 мыңға дейін (от 2,1 — 3,4 млн теңге) барады.

Премьер-министрдің кеңсесі басшысының орынбасары Руслан Желдібайдың айтуынша, үкімет басшысы тағып жүрген сағаттың бағасы, шамамен, 164 мың теңгені құрайды.

"Кеше Telegram-каналдардың бірінде Әлихан Асқанұлы бағасы $5000-8000 аралығында тұратын Cartie Tank сағатын тағады деп жазыпты. Шынтуайтына келгенде, премьер-министрдің фотодағы сағатының моделі Jacques Lemans, бағасы шамамен $383 тұрады. Сөзім дәлелді болу үшін фотоларды да жүктеп отырмын", — деп жазды Желдібай.


 

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр