Премьер-министрдің көлігін ұрлап әкеткен қазақстандық кім? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-министрдің көлігін ұрлап әкеткен қазақстандық кім?

Премьер-министрдің көлігін ұрлап әкеткен қазақстандық кім?

Қылмыс әлемінде жүрегінің түгі бар жігіттер жетерлік. Солардың бірі анау-мынау емес, премьер-министрдің көлігін ұрлап әкетіп, бүкіл елді шулатқан.

  • 8 Тамыз 2017
  • 2626
Фото - Caravan.kz

Сонау 90-шы жылдары Красавчик деген лақап аты бар атақты көлік ұрлаушы болыпты. Оның тіпті өте қымбат машиналарға деген құмарлығы 1996 жылы дипломатиялық жанжалға себепкер бола жаздады, деп жазады «КАРАВАН» газеті.

Ол кезде Красавчик Өзбекстанның астанасы – Ташкентке барған. Жақындарына іссапарға кеттім депті. Бірақ атақты ұры, әрине, онда шабдалы алу үшін барған жоқ еді. Оның көздегені Өзбекстан премьер-министрінің «алтыжүздік» «Мерседесі» болатын. Бұл көлікті ұрылар Алматыға алып келген.

Өзбек құқық қорғау органдары үкімет басшысының машинасын табу үшін, әрине, жан аямай әрекет етті. Бірақ әрекеттерінен түк шықпады. Содан кейін көрші елдің милициясы қазақстандық әріптестерінен көмек сұрады. Ал Алматының ішкі істер бас басқармасы көлікті қазақстандық қылмыс әлемі серкелерінің біріне қысым жасау арқылы тапты. Яғни милициядағылар оның үш бірдей «Мерседесін» ұрлықы деген желеумен тартып алған. Сосын премьер-министрдің көлігін сол тауып беріпті.

Оны ұрлауға қатысқан халықаралық қылмыстық топ мүшелерінің барлығы дерлік, яғни 18 адам ұсталды. Оның жартысы – Өзбекстан азаматтары. Олар 12 жылдан 20 жылға дейін сотталды. Ал Красавчикке 18 жыл берілді.


Қатты қуанған өзбек милиционерлері қазақстандық әріптестеріне Красавчиктің адамдары Алматыдан ұрлаған 20 машинаны қайтарып беріпті.

Соңғы жаңалықтар