Президент атынан мемлекеттік БАҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаттары берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент атынан мемлекеттік БАҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаттары берілді

Президент атынан мемлекеттік БАҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаттары берілді

 

  • 26 Маусым 2023
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бүгін БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында еліміздің жетекші мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек етіп жүрген журналистер мен басқа да қызметкерлерге пәтер сертификаттары салтанатты түрде табыс етілді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Qazaqstan» РТРК» АҚ, «Хабар» агенттігі» АҚ, ҚР Президентінің Телерадиокешені, «Qazcontent» АҚ және «Қазақ газеттері» ЖШС қызметкерлеріне пәтер кілтін Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай тапсырды.

photo

 

Ол әріптестерін мерекемен құттықтай отырып, олардың отандық журналистиканы дамытуға елеулі үлес қосып жүргенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесіне айрықша көңіл бөлетінін айтты. Сондықтан Президент еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін қолдау жөнінде шешім қабылдағанын жеткізді.

photo

 

Сонымен қатар БАҚ қызметкерлерін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, «Дара» қорының басшысы Әсел Шілдебаева және «Халық» қайырымдылық қорының директоры Сағынбек Шүнкеев құттықтады.

photo

 

Пәтер сертификатына ие болған БАҚ саласының 65 қызметкері елордада жаңадан бой көтерген зәулім үйлердің біріне жуырда қоныстанады

photo

 

Масс-медиа мамандарының айрықша еңбегін айшықтайтын шара «Дара» президенттік бастамалар қорының және «Халық» қайырымдылық қорының демеушілігімен ұйымдастырылды.

photo

 

2022 жылы құрылған «Дара» президенттік бастамалар қорының қызметі Қазақстанда креативті секторды дамытуға, азаматтардың шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

photo

photo

photo

photo

photo

 

photo

 

photo

photo

photo

Соңғы жаңалықтар