Жарияланды: 340

Президент БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттар беру туралы өкімге қол қойды

Президент БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттар беру туралы өкімге қол қойды

Мемлекет басшсы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы» өкімге қол қойды.

Бұл өкім ресми басылымдарда жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы

1. Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтар берілсін:

Абдрахманова Майра Қабиқызына – «Хабар» агенттігінің мен­шікті тілшісіне, Қазақстанның жаһандық бастамаларын жан-жақты жариялап-көрсеткені үшін;

Сембаев Мағауия Сланбекұлына – Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторына, отандық журналис­ти­каның дамуына қосқан елеулі шығармашылық үлесі үшін;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары тапсырылсын: Магер Юлия Дмитриевнаға – «Казахстанская правда» жал­пы­ұлттық газетінің тілшісіне, Мемлекет басшысының сыртқы саясат­тағы қызметін кеңінен жариялап-көрсеткені үшін;

Шәріпов Айхан Пішенбайұлына – «Айқын» республикалық газе­тінің меншікті тілшісіне, елдегі экономикалық, әлеуметтік және сая­си реформалар барысын белсенді жариялап-көрсеткені үшін;  

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы жариялансын:

«Астана» телеарнасындағы «Біздің уақыт» теле­ви­зия­лық бағ­дарламасының шығармашылық ұжымына, қоғамды дамытудың өзекті мәселелерін жедел жариялап-көрсет­кені үшін;

«Мысль» республикалық қоғамдық-саяси журналының шы­ғармашылық ұжымына, қоғамды демократияландыру және саяси мәдениетті жетілдіру үдерістерін жариялап-көрсетуге қосқан үлесі үшін;

Батыс Қазақстан облыстық «Приуралье» газетінің шы­ғар­машылық ұжымына, өңірді дамытудың өзекті мәселелерін жария­лап-көрсетуге қосқан үлесі үшін;

«Хабар 24» телеарнасының шығармашылық ұжымына, отан­дық телевизиялық журналистиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін. 2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 23 маусым,  №174

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін