Президент карантин кезінде балаларға ертегі оқып беруді бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент карантин кезінде балаларға ертегі оқып беруді бастады

Президент карантин кезінде балаларға ертегі оқып беруді бастады

 

  • 29 Наурыз 2020
  • 17
Фото - Caravan.kz

Израиль президенті Реувен Ривлин карантин кезінде балаларға онлайн түрде ертегі оқып беруді бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл ісі туралы президент Facebook парақшасында ақпарат жариялаған.

Ол мұндай әрекетті ата-аналар таңертеңнен кешке дейін балаларына қарап шаршайтындықтан, олар карантин кезінде бір сәт демалсын деген оймен жасапты.

«Қазір оңай кез емес, балалардың барлығы үйде. Егер біз отбасымызбен бірге болғанды жақсы көрсек те, бұл жағдай қиынға соғады. Мен сіздерді маған қосылуға және бірге уақыт өткізуге шақырамын. Мен Леи Гольдбергтің «Пәтер жалға беріледі» деген тамаша кітабын оқудамын. Менімен бірге оқыңыздар, отбасыңызбен немесе жай ғана балалармен бірге отырып оқыңыз», — деді Израль президенті.


 Айтпақшы, Равлин оқып жүрген кітапта көршілермен тату болу керектігі жөнінде жазылған.

Соңғы жаңалықтар