Президент контейнер маңында ұйықтаған баланың отбасына пәтер сыйлады - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент контейнер маңында ұйықтаған баланың отбасына пәтер сыйлады

Президент контейнер маңында ұйықтаған баланың отбасына пәтер сыйлады

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев үйсіз-күйсіз далада тентіреп жүрген кедей отбасыға пәтер сыйлады, деп хабарлайды Baq.kz. Бірқ

  • 11 Қараша 2016
  • 4046
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев үйсіз-күйсіз далада тентіреп жүрген кедей отбасыға пәтер сыйлады, деп хабарлайды Baq.kz.

Бірқатар электронды басылым Ош облысында базарда контейнердің маңында ұйықтап жатқан кішкентай баланың суретін жарыса жариялаған болатын. Мұны байқаған мемлекет басшысы Атамбаев баланы тауып, оның отбасына көмек көрсетуді тапсырған еді.


24.kg сайтының хабарлауынша, баланың анасы қазір еш жерде жұмыс істемейді, ал балалары балабақшаға орналасты.

Әйел екі рет тұрмыста болған. Ақша табам деп Ресейге кеткен екінші күйеуінен еш көмек болмапты. Төрт баласымен жалғыз қалған ана пәтерден де қуылады. Далада тентіреп қалған отбасының екі баласын тиісті органдар уақытша оңалту орталығына орналастырған.

Соңғы жаңалықтар