Президент латын әліпбиінің жаңа редакциясы туралы жарлыққа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент латын әліпбиінің жаңа редакциясы туралы жарлыққа қол қойды

Президент латын әліпбиінің жаңа редакциясы туралы жарлыққа қол қойды

Бүгін жарияланған жаңа редакция бойынша латын графикасындағы қазақ әліпбиінде апострафтар алынып тасталды, сонымен қатар бірнеше әріп диграф арқылы жазылатын болды.

  • 20 Ақпан 2018
  • 614
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

1. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.


2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 19 ақпан

№ 63


 

Соңғы жаңалықтар