«Президент Назарбаев» деп аталатын гүл Ақордаға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Президент Назарбаев» деп аталатын гүл  Ақордаға жеткізілді

«Президент Назарбаев» деп аталатын гүл Ақордаға жеткізілді

Назарбаев деген енді гүлдің де аты бар. Бүгін әлемге әйгілі «Шелл» компаниясы Қазақстан басшысына өзінің есімін иеленген қызғалдақтарды тарту етті.

  • 5 Мамыр 2015
  • 291
Фото - Caravan.kz

«Президент Назарбаев» деп аталатын қызғалдақтың жаңа түрі Голландиядан арнайы әкелінген. Бұл гүлдің атауы Елбасының осы елге барған сапары кезінде берілген екен. Жаңа кесілген қызғалдақты тура президенттің жұмыс кабинетіне жеткізген “Шелл” концернінің атқарушы бас директоры Бен ван Берден. Тосын сыйлыққа риза болған Нұрсұлтан Назарбаев «Шеллдің»  «Қашағанды» игеріп жатқан негізгі инвесторлардың бірі екенін айтты. Елімізге 8 миллиард инвестиция салған бұл компания әлемде мұнай мен газға барлау жүргізіп, қара алтынан мол табыс тауып отырғандардың бірі.