Жарияланды: 360

Президент осы жолғы бастамаға түсіністікпен қарайды деп сенемін - Дәурен Абаев

Президент осы жолғы бастамаға түсіністікпен қарайды деп сенемін - Дәурен Абаев

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, Президент Астанадағы әуежайға Назарбаевтың атын беру сияқты бастамаларды көп қолдай бермейді. Әйтпесе, университет пен әуежайдан басқа да нысандарға Мемлекет басшысының есімін беруге болатын еді. 

Журналистер Президенттің бұған дейін ондай бастамаларға қарсы болғанын, сондай-ақ өз атын тек университетке бергенін жеткізіп, осы жолғы шешіміне қатысты министрдің жеке пікірін сұрады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Президент осы жолғы бастамаға түсіністікпен қарайды деп сенемін. Себебі "Нұрлы жол" бағдарламасы және осы ауқымды бағдарламаның авторы xалықтың есінде қалуы қажет. Шетел азаматтары Астанаға келгенде алдымен әуежайды көреді. Меніңше, ол жерде Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі тұрғаны дұрыс әрі заңды. "Нұрлы жол" бағдарламасына Президенттің өзі бастамашы болды. Соның арқасында елімізде біраз жұмыстар атқарылды. Астанадағы әуежай да - сол жұмыстың нәтижесі", - деді Дәурен Әскербекұлы.

Министрдің ойынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін біраз нысандарға беруге болатын еді. Алайда соңғы шешімді Президенттің өзі қабылдайды.

"Бәріміз жақсы білеміз, Мемлекет басшысы ондай бастамаларды көп қолдай бермейді. Көп қолдаса, Нұрсұлтан Назарбаевтің есімі университет пен әуежайдан да басқа көптеген нысандарға берілетін еді. Президенттің өзі әлі қолдаған жоқ", - деп атап көрсетті министр.

Естеріңізге салсақ, Астана халықаралық әуежайы үкімет қаулысымен «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» деп аталатын болып шешілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін