Жарияланды: 30

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР іскерлік орта өкілдерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР іскерлік орта өкілдерімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР іскерлік орта өкілдерімен кездесті.

Бұл туралы  caravan.kz медиа-порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Іскерлік ортамен жиынның ашылуында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытайдың 27 жылдық ынтымақтастығының нәтижесінде екі ел арасында қарым-қатынас нығайып, жан-жақты стратегиялық әріптестік қалыптасқанын айтты. Бұған екі елдің жоғары деңгейде сенімді диалог орнатуы негіз болғанын да тілге тиек етті. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде екі мемлекет арасындағы байланыстың нығаюына Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің достығы зор үлес қосқанын да баса атап өтті.

Президент Қазақстан мен Қытайдың экономикалық ынтымақтастығының болашағы зор деп есептейді. Екі жақты әріптестіктің басым бағыттарын атап өткен Мемлекет басшысы екі елдің бизнес-өкілдері болашақта атқаратын жаңа міндеттерге де тоқталды.

Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта инновациалық және ғылыми-техникалық бағыттарға зор ықылас бөлу керектігіне тоқталды. Сондай-ақ, ол аталған бағыттарда Қазақстан Қытаймен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін де жеткізді.

Президент туризм саласы бойынша да ой қозғап, өзара іскерлік байланыс пен рекреациялық туризм үлкен қарқынмен дамып жатқан Қазақстанға қытайлық туристерін тартуға да мол мүмкіндік барын айтты. Осы ретте Мемлекет басшысы көрші елдің іскерлік ортасын Қазақстанда қытайлық 5А стандарттарына сәйкес туристік орталықтар салуға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы қаржы саласындағы қарым-қатынастың мүмкіндігі зор екеніне тоқталды. Бұл мәселеде «Астана» халықаралық қаржы орталығының маңызды рөл атқаратынын еске салды. Президент «Астана» ХҚО базасында RMB Connect механизмі құрылатынын жетізді.

– RMB Connect жобасы юаньмен инвестициялар салуға мүмкіндік береді. Жаңа экожүйе Қытай юанінің әлемге таралуына елеулі үлес қосатынына және Қазақстан кәсіпорындары мен өңірдегі өзге елдер үшін юаньмен операция жасау бойынша жаңа есеп айырысу-клиринг орталығына айналатынына сенімдімін,– деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайда «Бизнеске арналған үкімет» (Government to Business) форматындағы өзара іс-қимыл іскерлік ынтымақтастықты жандандырудың пәрменді құралдарының бірі болып табылатынын атап өтті.

Президент айтқандай, бұл кездесу Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық әріптестігін тереңдетуге нақты қадам болады.

Дөңгелек үстел барысында ірі қытай компанияларының өкілдері, оның ішінде «China General Technology (Group) Holding Co., Ltd» бас директоры Лу Иминь, Қытай экспорт-импорт банкінің вице-президенті Нин Юн, Қытай-Еуразиялық Экономикалық Ынтымақтастық қорының Басқарма Төрағасы Чжан Шили, «China Construction Bank» Бақылау кеңесінің төрағасы Ван Юнцин, «COFCO Group» вице-президенті Луан Жичэн, «Anhui Jianghuai Automobile Co., Ltd» Ань Цзинь және басқалар сөз сөйлед

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін