Президент қазақстандық бизнес иелеріне қандай қауіп төніп тұрғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент қазақстандық бизнес иелеріне қандай қауіп төніп тұрғанын айтты

Президент қазақстандық бизнес иелеріне қандай қауіп төніп тұрғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға импортталатын өнімдер отандық тауар ретінде ұсынылып жатқанын айтты.

  • 11 Ақпан 2021
  • 20
Фото - Caravan.kz

Ол бұл жағдай қазақстандық бизнеске қауіп төндіретінін және дамуды бәсеңдететіндігін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

"Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік сатып алуларда жергілікті өніммен қамтамасыз ету мәселесін көтердім. Сатып алу конкурстарында импорттық өнімдерді отандық тауар ретінде көрсету әлі де кездеседі. Бұны мойындау керек. Мұндай жағдайлар жауапкершіліктен жұрдай кәсіпкерлер мен квазимемлекеттік сектордың осындай әрекетке көз жұмып қарайтын қызметкерлерінің кесірінен орын алып отыр. Бұл бизнестің басты қаупі, оның дамуына кедергі келтіреді. Біз қазірдің өзінде квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін тиісті әкімшілік жауапкершілікті енгіздік. Үкімет те, қор да бұл мәселені қатаң бақылауы керек. Кәсіпкерлер мұндай мәселелердің тез әрі тиімді шешілуін күтеді", — деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті өнімді анықтайтын әдістің өзін жетілдіру керек деп санайды. Ал онда екіұштылық пен әртүрлі түсінік болмауы керек.


Соңғы жаңалықтар