ҚР Президенті Қазақстанның Кәсіби одақтары күнімен құттықтады.
Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Кәсіподақ ұйымының жетекшілері мен жұмысшылары, қозғалыс белсенділері өздерінің уақыттары мен күш-жүгерін еңбек адамының құқығының сақталуына жұмсап жүрген қайраткерлер.
Сіздердің белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз бен ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз, шығармашылық күш-қуаттарыңыз отандастарыңыздың өмір сапасын арттыруға бағытталған.
Біздің еліміздің кәсіподақтары еңбеккерлерге лайықты құрмет көрсетілетін жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға ықпал етуде.
Сіздерге қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау қызметінде жаңа жетістіктер тілеймін.
Кәсіподақтардың әділдік, бірлік және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген даңқты дәстүрі беки берсін!