Президент Қазақстанның құрлықішілік мемлекеттердің транзиттік сауда-саттығы туралы конвенцияны бекітуі туралы заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Қазақстанның құрлықішілік мемлекеттердің транзиттік сауда-саттығы туралы конвенцияны бекітуі туралы заңға қол қойды

Президент Қазақстанның құрлықішілік мемлекеттердің транзиттік сауда-саттығы туралы конвенцияны бекітуі туралы заңға қол қойды

АСТАНА. 21-наурыз. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше "Қазақстанның құрлықішілік мемлекеттердің транзиттік сауда-саттығы туралы конвенцияны бекітуі туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 21 Наурыз 2007
  • 627
Фото - Caravan.kz

Бұл конвенцияға бірігу Қазақстанға теңіз державаларымен бірдей құқықпен ашық теңізге шығу еркіндігін пайдалану және теңізге еркін шығу мүмкіндігін беру арқылы республиканың транзиттік-транспорттық әлеуетін кең көлемде жүзеге асыруына жол ашып, Қазақстандағы сауда-саттық аясының кеңеюіне септігін тигізеді.

Конвенция ережелері теңізге шығар жолы жоқ әрбір мемлекеттің теңізге еркін шығу құқығын заңдастырады. Конвенция құрлықішілік мемлекеттерге аймақтық және халықаралық сауда-саттыққа еркін атсалыса алуы үшін транзит мүмкіндігін еркін әрі шектеусіз пайдалану құқығын береді.

Конвенция 1965-жылдың 8-шілдесінде қабылданған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті