Президент "Самұрық" мемлекеттік холдингінің атқарушы директорын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент "Самұрық" мемлекеттік  холдингінің  атқарушы директорын қабылдады

Президент "Самұрық" мемлекеттік холдингінің атқарушы директорын қабылдады

Астана. 11-қазан. "Қазақстан Бүгін". - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі холдингі" АҚ-ның атқарушы директоры Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

  • 11 Қазан 2007
  • 443
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, холдинг басшысы президентті «Самұрық» компаниялар тобын дамытудың үстіміздегі жылдың сегіз айындағы жұмыс қорытындылары туралы, сондай-ақ жаңа жобаларды жүзеге асырудың келешегі жөнінде хабардар етті.

«»Самұрық» холдингіне қарасты компаниялар тобының табысы былтырғы жылмен салыстырғанда, орташа есеппен 10-нан 44 пайызға дейін артқан. Мәселен, «Эйр Астана» компаниясы табыстың сенімді өсімін көрсетіп отыр. Мен Мемлекет басшысына теміржол саласын одан әрі реформалау және «Қазақстан темір жолы» АҚ-ындағы менеджменттік жұмыстарды жақсарту жөніндегі жоспарларымыз туралы баяндап бердім. Сондай-ақ кездесу кезінде электр энергетикасы саласындағы жаңа жобаларды дамыту мәселесі және Қазақстан аумағы бойынша транзиттік газ құбырларын салудың келешегі егжей-тегжейлі талқыланды», — деді Қ.Бозымбаев журналистерге арналған брифингте.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті