Президент тексерілетін субъектілерге талаптар қоюды реттейтін заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент тексерілетін субъектілерге талаптар қоюды реттейтін заңға қол қойды

Президент тексерілетін субъектілерге талаптар қоюды реттейтін заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды», деп хабарлайдыпрезиденттің баспасөз қызметі.

  • 5 Шiлде 2011
  • 485
Фото - Caravan.kz

«Заң бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді төмендету мақсатында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін нормативтік-құқықтық реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған», – делінген сейсенбі күні Ақ орда сайтында жарияланған ақпаратта.

Бұрын хабарланғандай, енгізілген түзетулерге сәйкес, тексерілетін субъектілерге талаптар заңдардың, ҚР президенті жарлықтарының және үкімет қаулыларының деңгейінде орнатылады.

Заңға түзетулер жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінің мөлдірлігін арттыруға, барлық мүдделі тұлғалардың ақпараттық-құқықтық ресурстар, соның ішінде интернет-ресурстар арқылы нормативті құқықтық актілерге еркін қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ, құжатта мемлекеттік органдардың орман шаруашылығы, байланыс, мақта саласын дамыту, агроөнеркәсіп, ауылдық аумақтарды дамыту салаларындағы өкілеттіктері нақтыланған.

Соңғы жаңалықтар