Президент Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Президент Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, туған күнімен құттықтады.

  • 7 Қазан 2021
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, Ресей халқының игілігі жолындағы оның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысының тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында тұрақты дамып келе жатқан екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Владимир Путиннің күш-жігерінің арқасында Ресей әлемдік деңгейдегі беделді державаға айналды. Бүгінде Ресейсіз халықаралық маңызды мәселелерге қатысты ешқандай шешім қабылданбайды.

Тараптар 30 қыркүйекте өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық форумының қорытындысына оң баға берді.


Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен халықаралық проблемалар бойынша белсенді саяси диалогтарды жалғастыруға келісті.

Владимир Путин 7 қазанда 69-ға келді. Баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Путин туған күніне қарамастан, жұмыс жоспары бойынша жұмыс істеп жатыр. Туған күнін кешке отбасымен атап өтеді.

Соңғы жаңалықтар