Президент Тоқаев Рустами Эмомалиді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Тоқаев Рустами Эмомалиді қабылдады

Президент Тоқаев Рустами Эмомалиді қабылдады

 

  • 24 Қыркүйек 2021
  • 16
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанның Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалиді қабылдады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті қазіргі сын-қатерлер жағдайында жоғары дәрежеде орнықтылық көрсетіп отырған қазақ-тәжік ынтымақтастығының оң қарқынын атап өтті. Бұған мемлекет басшылары деңгейіндегі белсенді саяси диалог және үкіметтердің үйлесімді жұмыстары септігін тигізеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Тәжікстанға ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты байланыстарды кешенді түрде нығайтудың басты бағдары болатынын айтты.

Президент мемлекеттер басшыларының тапсырмаларын іске асыруда екі ел үкіметтерінің белсенді жұмыс істеп жатқанын және қазірдің өзінде нақты нәтижелердің бар екенін айтты.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонға жүрекжарды сәлемін және ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ның жуырда Душанбеде өткен саммиттерін сапалы ұйымдастырғаны үшін шынайы алғысын жолдады.