Президент ұлттық компаниялар отандық өндіріске бірінші кезекте мүмкіндік қарастыруы қажеттігін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент ұлттық компаниялар отандық өндіріске бірінші кезекте мүмкіндік қарастыруы қажеттігін айтты

Президент ұлттық компаниялар отандық өндіріске бірінші кезекте мүмкіндік қарастыруы қажеттігін айтты

Астана. 17-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Президент ұлттық компаниялар отандық өндіріске бірінші кезекте мүмкіндік қарастыруы қажеттігін айтты. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев кеше үкіметтің индустриялық-инновациялық бағдарламаның жүзеге асырылуы жайлы есеп берген кезінде атап өтті, деп хабарлайды агенттік "Хабар" агенттігіне сілтеме жасап.

  • 17 Сәуiр 2008
  • 468
Фото - Caravan.kz

«Екінші мәселе — мемлекеттік тапсырыстардың бөлінісі. Мұнда әсіресе, ұлттық компаниялардың әлеуетін барынша пайдалану керек. Олар қыруар қаржыны осы мемлекеттік тапсырысқа жұмсайды, оның ішінде де отандық өнім өндірушілердің үлесі болмашы ғана. Мұнымен қазір ешкім айналыспай отыр. Үкімет пен Самұрық осы мәселені мықтап қолға алсын. Олар өңдеу өнеркәсібінің дамуына мүмкіндік жасауы тиіс. Әрбір келісім шарт отандық өндіріске бірінші кезекте мүмкіндік қарастыруы қажет»,- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті