Президенттен 100 пәтер сұрадым - Асқар Жұмаділдаев - kaz.caravan.kz
  • $ 461.37
  • 542.16
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттен 100 пәтер сұрадым - Асқар Жұмаділдаев

Президенттен 100 пәтер сұрадым - Асқар Жұмаділдаев

Белгілі ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаев мемлекет басшысынан жас ғалымдарға пәтер сұрағанын айтты.

  • 23 Сәуiр
  • 7
Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Академик «JuzmediaQaz» YouTube арнасына берген сұхбатында ғылым академиясына жастар керегін айтты.

«Сәтбаевтың кезінде академияда 1500-2000 адам жұмыс істеген. Бізде 30-ақ адам жұмыс істейді. Төрағаның орынбасарына барып жалынып, жалпайып жалақысына ғана ақша табамыз. Жастар келу керек. Мен сияқты 1-2 шалдар бар. Бірақ шалдардан түк шықпайды. Істейтін жастар. Бірақ олар тұрмайды. Жағдай жасау керек. Тоқаевқа кіргенде «ең болмағанда пәтер берейік» деп айттым. Президент бірден құптап, «қанша керек» деді. Мен бірден келіседі деп ойлағаным жоқ, 100 дей салдым. Содан қазір жастардың бәрі пәтер алып жатыр. Тоқаевтың қабылдауында үш рет болдым. Өзі шақырды. «Қандай бұйымтайың бар» дегенде осы баспана мәселесін айттым», — дейді ғалым.

Сондай-ақ, ол академияның болашағына қатысты қорқынышымен де бөлісті.

«Бізден Нобель шығады. Айналамда сондай адамдар жүр. Ғалымның түріне қарасаң жынды сияқты ғой. Мен үшін ол қалыпты. Ғылымға көңіл бөлген, қолдаған адамның бәрін мақтаймын. Келесі президент академияны жауап тастап жүрмей ме деп қорқамын. Олай болмау үшін біріншіден, ғылым өзінің керектігін көрсетіп, жақсы нәтижелер, жақсы ғалымдар шығу керек. Бізде жақсы, жас ғалымдар бар. Көзінде оты жаны тұрған балалардан міндетті түрде бірдеңе шығады. Қазақстанда ғылымның болашағы бар, тек соны жүнжітпей, дұрыс саясатпен жүргізу керек. Қазаққа ғылым көп пайда алып келеді», — дейді ол.