Президенттікке үміткерлер қазірдің өзінде жарнамаға 6 млрд. доллар жұмсады - АҚШ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттікке үміткерлер қазірдің өзінде жарнамаға 6 млрд. доллар жұмсады - АҚШ

Президенттікке үміткерлер қазірдің өзінде жарнамаға 6 млрд. доллар жұмсады - АҚШ

АҚШ президенті лауазымына үміткерлер Барак Обама мен Митт Ромни осы уақытқа дейін саяси жарнамаға 6 миллиард доллар жұмсаған.

  • 30 Қазан 2012
  • 380
Фото - Caravan.kz

Бұл көрсеткіш әлемнің 40 елінің жалпы ішкі өнімінен артық.

Мұндай қомақты қаражат, тіпті, 2008 жылғы саяси дода кезінде де жұмсалмаған. Соңғы зерттеулерге қарағанда, сайлауалды науқаны басталғалы көгілдір экрандарда 951 мың президенттік хабарлама таратылыпты. Ал, кей сарапшылардың пікірінше, бұл жолы кандидаттар жарнамаға шығарған қаражаттың көлемі 8 миллиард долларға жетуі мүмкін. «Рейтер» агенттігі хабарлағандай, бұл тек радио мен телевизиялық жарнамаға жұмсалған ақша. Сондықтан, шын мәнінде, егер баспасөз беттеріне шығарылатын жарнаманы ескерсек, бұл көрсеткіштер бұдан әлдеқайда артық та болуы ғажап емес, деп хабарлайды «Қазақстан» ұлттық телеарнасы.

Соңғы жаңалықтар