Президенттіктен кеткен Назарбаев, Сайлау, Нұр-Сұлтан: 2019 жыл несімен ерекше болды? - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттіктен кеткен Назарбаев, Сайлау, Нұр-Сұлтан: 2019 жыл несімен ерекше болды?

Президенттіктен кеткен Назарбаев, Сайлау, Нұр-Сұлтан: 2019 жыл несімен ерекше болды?

2019 жыл – елімізде түрлі жайттар, оқиғалар орын алды. Бұл жыл қалай өтті?

  • 26 Желтоқсан 2019
  • 102
Фото - Caravan.kz

Жаңа жылға қадам басар алдында Caravan.kz медиа порталының тілшісі 2019 жылдың басты оқиғаларын зерттеп көрді.

Президенттіктен кеткен Назарбаев

Осы жылдың 19 наурызында Қазақстанның тұңғыш президенті, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми БАҚ арқылы мәлімдеме жасап, биліктен кететінін жариялаған еді.

Елді 30 жыл басқарған 79 жастағы Назарбаев отсавкаға кетерінің алдында өзіне дауыс берген, сенген халыққа алғысын білдірген еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев президент болып сайланды

Қазақстан үшін осы жыл ерекше болды, өйткені елімізде жаңа президент сайланды. Президент сайлауына Nur Otan партиясынан түскен Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 % дауыс жинап, мемлекет басшысы болып сайланды.

Мемлекет басшысы 12 маусым ұлықтау рәсіміне қатысып, Қазақстан халқына ант берген еді.

Нұр-Сұлтанға айналған Астана

Ол кезде уақытша президент болған Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атын “Нұр-Сұлтан”, — деп өзгрету туралы жарлыққа қол қойды.

20 наурызда парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына ант берген Тоқаев президент қызметіне кіріскен бойдан Астананың атауын еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен өзгерту жайлы ұсыныс жасаған еді. Осы күні парламенттің қос палатасы Тоқаевтың ұсынысын жедел түрде қабылдап, елорда “Нұр-Сұлтан”, — деген атауға ие болды.

Басында Елорданың өзгеруіне қарсы болған жұрт, қазір бұл атауға да үйреніп қалды.


Көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың кредиті кешірілді

2019 жыл – халық үшін жағымды жылдардың бірі болды, өйткені көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың кредиті кешірілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр өмірлік жағдайға қалған отбасылардың кредитін кешіруді тапсырған болатын.

Қазақстандықтардың 30 млрд теңгеден асатын несиелік айыппұлдары мен өсімақылары кешірілді.

Арыстағы жойқын жарылыс

24 маусым таңертең Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болып, артынша алапат өртке ұласты. Кейін Арыс қаласы толығымен эвакуациаланып, 34 адам дәрігердің көмегіне жүгінген. Кейін үш адамның ауруханада ауыр жағдайда жатқаны белгілі болған еді.

Жарылыстан кейін Арыстықтар Шымкент қаласында болып, кейін өз үйлеріне қайтып барды. Барлық жапа шеккендердің үйлері қалпына келген.

Өмірден өткен танымал тұлғалар

Әлемге әйгілі болған Димаш Құдайбергенов Мәскеу, Нью-йорк және әлемнің өзге де қалаларында өзінің жеке концертін берді. Сонымен қатар, қазақстандық әнші әлемнің әртүрлі музыкалық жүлделерінде “Жыл таңдауы”, “Жаңа тыныс”, “Әлемінің үздік әншісі” секілді номинацияларға ие болды.

Соңғы жаңалықтар