"Продюсерім Беделхан": Альбина Назарбаева сахнаға қайта шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Продюсерім Беделхан": Альбина Назарбаева сахнаға қайта шықты

"Продюсерім Беделхан": Альбина Назарбаева сахнаға қайта шықты

"BN" тобының бұрынғы солисті Альбина Болатқызы сахнаға қайта оралды. 

  • 2 Қараша 2018
  • 435
Фото - Caravan.kz

Болат Назарбаевтың қызы енді Q-pop жанрының әншісі атанды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Альбинаның дебюті оңтүстік астанада өткен Juz Entertainment ұйымдастырған Q POP FEST фестивалінде өтті.

"Жаңа леппен сахнаға оралу үшін, біраз дайындалдым. Күш қайратымды жинап, барынша тырыстым. Сахнадағы сезімді айту мүмкін емес. Өзімді әрі қарай да жетілдіріп, мені тыңдармандарым жаңа қырымнан көретін болады," — деп ағынан жарылды жас әнші.

Жас әншінің продюсері енді Ерболат Беделхан. Танымал продюсер Назарбаевтың қызының жұлдызын жағатын болады.


Естеріңізге салсақ, Q POP FEST фестивалінің жоғары деңгейде өтуі Гүлнұр Назарбаеваның қаржылай демеушілік жасауының арқасында сәтті өткен болатын.

 

Соңғы жаңалықтар