Прокурор Ғабдуллинге 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасын сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокурор Ғабдуллинге 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасын сұрады

Прокурор Ғабдуллинге 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасын сұрады

Астанада қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында Central Asia Monitor газетінің бас редакторы әрі Radiotochka.kz порталының шығарушысы Бигелді Ғабдуллиннің қылмыстық ісі бойынша сот процесінде тараптардың жарыссөзі өтіп жатыр.

  • 23 Қаңтар 2017
  • 459
Фото - Caravan.kz

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сотта прокурор Әлібек Айтжанов Бигелді Ғабдуллинге "мемлекеттік органдар мен олардың басшыларынан ақша бопсалағаны" үшін айыпты деп тауып, бұрын сотталмағанын, кәмелетке толмаған балалары барын және тергеуге өз еркімен келгенін ескеріп 5 жылға бас бостандығын шектеуді сұрады. Прокурор Ғабдуллиннің Жамбыл мен Шығыс Қазақстан облыстары, Астана қаласы әкімдігі және энергетика министрлігінен жиыны 22 миллион теңгеден астам қаржыны бопсалап алғанын мәлімдеді.

Прокурор сонымен қатар Ғабдуллиннің келтірген шығынды тергеу кезінде өтегенін ескеріп мүлкін тәркілемеуді, шетелге шығуына тыйым салуды, тіркеліп тұруға міндеттеуді сұрап, сот залынан босатуды сұрады.

Бұдан соң сотта Ғабдуллиннің өзіне сөз берілді. Ол қылмысын "мойындап", ісіне "өкінетінін", қылмыстық жазадан босаса президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жүзеге асыруға аянбай еңбек ететінін айтты.

Судья сот үкімі ертең, 24 қаңтар күні сағат 18:30-да жарияланатынын айтты.


Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы 61 жастағы Бигелді Ғабдуллиннің ұсталғанын 2016 жылы 15 қарашада хабарлаған. Бюро таратқан ақпарат бойынша, Ғабдуллин өзіне қарасты БАҚ-ты пайдаланып, мемлекеттік органдардың басшыларына олардың "іскерлік беделіне нұқсан келтіретін материалдар жариялау жолымен" ақпараттық шабуыл жасаған. Кейін ол лауазымды тұлғалардан "сыни жарияланымдарды тоқтату үшін өз ақпарат құралдарына мемлекеттік тапсырыстарды бопсалаған".

Ғабдуллиннің ісі бойынша негізгі сот тыңдауы 17 қаңтарда Астанадағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында басталған.

Соңғы жаңалықтар