Прокурор өтінішімен Досқалиев пен оған қатысты тұлғалардың сот ісі қайта жанданды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокурор өтінішімен Досқалиев пен оған қатысты тұлғалардың сот ісі қайта жанданды

Прокурор өтінішімен Досқалиев пен оған қатысты тұлғалардың сот ісі қайта жанданды

Астананың ауданаралық мамандандырылған сотының судьясы Мейрам Жанғұтдинов денсаулық сақтау экс-министрі Жақсылық Досқалиевке және осы іс бойынша сотқа тартылған тұлғаларға қатысты қылмыстық сот ісін қайта жандандыру туралы шешім қабылдады.

  • 27 Шiлде 2011
  • 556
Фото - Caravan.kz

Бұрындары прокурор Тельман Аленов қылмыстық істі «телемедицина» эпизоды бойынша қосымша тексеруге жіберу туралы өтініш білдірген. Сондай-ақ ол Төлеген Тойғамбаевқа қатысты «қамау» шарасын «ешқайда кетпейтіндігі туралы қолхатқа» ауыстыру туралы өтініш берген.

Еске салсақ, Т. Тойғанбаев мемлекеттік сатып алулар кезінде бюджет қаражатын жымқыруға септігін тигізген деп айыпталады.

«Сот кеңесіп болған соң, шешім (өтініш бойынша – ҚазТАГ) болмайды деп шешті», — деп сот төрағасы мәлім етті.

Өз кезегінде адвокаттар прокурорда істі қайта тексеруге жіберуге негізі жоқ, себебі оның «уәжі жоқ» деп есептейді.

Бұл қылмыстық іс бойынша пікірталас 1 тамызда басталады.

«Онда (Т. Тойғамбаевта – ҚазТАГ) 2 қатерлі ісік алды науқасы бар. Ол оперативті араласуды қажет ететін өте елеулі және гипертониялық ауруы бар, сондықтан мен адвокаттың пікіріне қосыламын. Оқшаулау шарасын жұмсарту тиімділігі бар», — деді денсаулық сақтау экс-министрі Жақсылық Досқалиев отырыс аяқталған соң.

Бұрын хабарланғандай, айыптаушы жақтың болжамына сәйкес, Ж. Досқалиев Астананың медициналық академиясының ректоры болып қызмет еткен кезде«Астана КПД» ЖШС-мен медакадемияға тиесілі жер телімдерінде тұрғын үй құрылысына заңсыз келісімшартқа қол қойды. Айыптаудың мәлімдеуінше, оның серіктестіктің директоры Кенжиннің атына жазып берген бас сенімхатты пайдаланған кәсіпкер (Кенжин –ҚазТАГ) академияның оқытушыларына арналған пәтерлерді жеке тұлғаларға нарықтық бағамен сатып жіберген.

Қаржы полициясы серіктестікке құрылыс жүргізуге жер телімдерін бергені үшін Ж. Досқалиев сыйақы ретінде 2 пәтер алып, туыстарының атына рәсімдеген. Сондай-ақ, пара ретінде Қараөткел кентіндегі коттедж де оның атына рәсімделді.

Одан басқа, тергеу болжамынша, Ж. Досқалиев министр болып тұрып, қызмет бабын асыра пайдаланып, жедел жәрдемнің құны Т8,5 млрд тұратын 240 төсектік әлі бітпеген ғимаратын пайдалануға қабылдау туралы бұйрыққа қол қойып жіберген. Ол нысан халықаралық стандарттарға сай келеді деген бағамен пайдалануға қабылданған.

Соңғы жаңалықтар