Прокурорлар Гүленді екі өлім жазасымен қатар 1900 жылға соттауын сұрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокурорлар Гүленді екі өлім жазасымен қатар 1900 жылға соттауын сұрайды

Прокурорлар Гүленді екі өлім жазасымен қатар 1900 жылға соттауын сұрайды

Айыптаушы тарап Түркияда сәтсіз аяқталған мемлекеттік төңкерістің ұйымдастырушысы делінген күдіктіні екі рет өлім жазасына кесіп, оған қоса 1900 жылға бас бостандығынан айыруын сұрады.

  • 17 Тамыз 2016
  • 569
Фото - Caravan.kz

Айыптау қорытындысында көрсетілгендей, Гүленге "конституциялық құрылымды құлатуға талпынған", "террорлық топ құрып, оны басқарған" және басқа да көптеген айыптар тағылған. АҚШ-та тұратын дін уағыздаушы Гүленнен басқа, осы іс бойынша тағы 111 айыпталушы бар, олардың 13-і сот кезінде қамауға алынды. Айыпталушылардың барлығына екі жылдан өлім жазасына дейінгі аралықта жаза белгіленуі мүмкін.

"Гүленнің террористік ұйымы" (FETO, билік Гүленнің жақтастарын осылай деп атайды) мүшелерін билікті басып алу үшін мемлекеттік мекемелерге енген деп айыптады. Тергеу болжамы бойынша, Гүлен тобы төңкеріс жасау үшін қорлар, жекеменшік мектептер, студенттік жатақханалар, баспасөз және сақтандыру компанияларын пайдаланған. Бұған қоса, уағыздаушының жақтастары жалған компаниялар арқылы АҚШ-қа қаражат жолдап отырған.

Гүленге қарсы іс Түркияның батысындағы Ушак провинцисының сотында өткен жылдың қыркүйегінен бері қаралып жатыр. Бүлікке дейін ашылған қылмыстық іс топтың қаржы операцияларын тергеуге қатысты болды.


Түркияда әскери төңкеріс жасауға талпыныс әрекеті биыл 16 шілденің түнінде болды. Ертесіне ел президенті Режеп Тайып Эрдоған Гүленді бүлік ұйымдастырды деп айыптады. Бүлікті ұйымдастыруға қатысқан деген күдікпен 10 мыңға жуық адам ұсталды.

Түрік дін уағыздаушысы Фетхуллах Гүлен 1999 жылы елден қашып шыққалы бері Құрама Штаттарда тұрады.

Соңғы жаңалықтар